Бұл туралы Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады.
Спектакль ҚР Мәдениет министрлігінің, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры мен «Қазақ әуендері» АҚ-ның ұйымдастыруымен қойлады.
«Жизель» балетін Астанада санкт-петерборлық хореограф, Мариинский театрының балетмейстері Сергей Вихарев қояды. Басты партияларда Париждегі Гранд операның жетекші солистері Мелани Юрэль (Жизель) мен Карл Пакетт (Альберт) ойнайды. Спектакльге сондай-ақ, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балет труппасы мен симфониялық оркестрі қатысады. Дирижжері - Айдар Абжаханов.
Еске салайық, «Жизель» балетінің алғашқы қойылымы 1841 жылы 28 маусымда Гранд операның сахнасында өткен болатын.
Спектакль 5 наурыз күні Бейбітшілік және келісім сарайында болады.