Ауруханадан бір-ақ шыққандардың бәрі Астанадағы супермаркеттің бірінен сатып алған түрлі тәттілер мен торт жеген. Содан кейін өздерін нашар сезіне бастаған екен. Енді тәттіқұмар адамдар әлі бірнеше күн ауруханада ем алуы тиіс. СЭС қызметкерлері қазір кәсіпкерлік нысанын тексеруге көшкен. Ал дүкен қожайыны сөредегі тәттілерді дереу алып үлгеріпті.
Ләззат Аяшева, Астана қалалық жұқпалы ауруханасының бөлім меңгерушісі :
-20 науқас жатыр. Оның арасынан 11 адамға сальмоноллез деген диагнозы анықталды. 2 науқас үйіне жіберілді. Көбісі торт, пирожный жедік дейді.
Loading...