Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, 3-шілдеде ІІД-іне белгісіз біреулер бір жігітті "Фольскваген" автокөлігінің салонына, екіншісін көліктің жүксалғышына салып алып, белгісіз бағытта іздерін жасырды деген ақпарат келіп түскен. Э.Шауленованың айтуынша, "оперативниктер бірнеше сағаттың ішінде автокөліктің иесін анықтап ұстады. Ол өзінің екі жолдасымен бірге екі жігітті расында да Лесозавод маңына апарып, сол жерге тастап кеткендерін мойындаған".
"Оқиға орнын тексерген кезде ұрланған 27 жастағы Астана тұрғынының мәйіті табылды", - деді Э. Шауленова. Оның айтуынша, "жігіт ауыр дене зақымдары салдарынан қаза тапқан". "Екіншісі медициналық мекемеге жетіп, сол жерде уақытылы көмек алып үлгерген, қазір ол өз үйінде", - деді баспасөз қызметінің инспекторы.
Э. Шауленованың айтуынша, алдын-ала тексеру барысында оперативтік қызметкерлер жолдас үш жігіттің қорқытып-үркіту арқылы екі жігітті иен жерге апарып, әлгі үшеудің бірінің қарындасын зорлады деген желеумен оларды қатты соққыға жыққанын анықтады. Ал баспасөз қызметінің маманың айтуынша, зорлау дерегі дәлелденген жоқ.
"Өз беттерімен сот жүргізген жігіттерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің ең ауыр екі бабы : 125 баптың 2 тармағы "адам ұрлау" және 103 баптың 3 тармағы "ауыр дене зақымын келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптарға сәйкес жүктелетін айып - 10 -15 жылға дейін бас бостандығынан айыру", - деді Э. Шауленова. Қазір ұсталғандар қамауда отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті