Астанада әділет және құқық жөніндегі "Еуроодақ-Қазақстан" кіші комитетінің кезекті отырысы өтуде

Бас қосу аясында лаңкестікке қарсы күрес, адам саудасы, заңсыз көші-қон, жемқорлықпен және заңсыз есірткі айналымымен күреске қатысты өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасылады. Сондай-ақ, ҚР Бас прокуратурасының ұсынысымен бас қосудың күн тәртібіне Қазақстанды Еуропалық Кеңестің қылмыстық қуғындау саласындағы конвенцияларына келешекте біріктіру туралы мәселе енгізілді. Сонымен бірге Еуропалық Одақтың есірткі саудасымен күрес және шекараны басқаруға қатысты бағдарламаларын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Отырысқа Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, әділет министрлігі, Орталық сайлау комиссиясы, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР бас прокуратурасының өкілдері қатысуда. Еуропалық өкілдердің арасында Еуропалық Комиссияның сарапшылары, Еуроодаққа мүше елдердің дипломатиялық миссияларның жетекшілері бар. Өкілдерді Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі Алан Ваддамс басқарады.
Әділет және құқық жөніндегі "Еуроодақ-Қазақстан" кіші комитеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2002-жылы құрылған.