Астанада 54 жастағы әйел өзін-өзі өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға биыл 13 қарашада болған. Әйел өзін-өзі өртеп жіберген соң №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Астана полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"13 қарашада шамамен сағат 12.00-де Жамбыл көшесінде болған жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
№1 қалалық аурухананың өкілдері әйелдің аса ауыр жағдайда жеткізілгенін айтты. Бірақ, өкінішке орай, әйел 14 қарашада ауруханада қайтыс болған.