Астанада әйел баласымен 12-қабаттың терезесінен құлап кетті

 Қалалық Полиция департаменті мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда сағат 14:19-да болған.

"102" арнасына Сығанақ көшесі бойындағы 12-қабаттың терезесінен әйел баласымен құлап кетті деген қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Алған жарақатынан әйел оқиға орнында, бала ауруханада қаза болды", - делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.