Астанада әйелдер арасында бокстан екінші халықаралық турнир өтеді

«Қазақстанның бокстан әйелдер құрамасы 13-17 қырқүйекте өтетін екінші халықаралық турнирге қатысу үшін Астанаға келді», - делінген федерацияның ақпаратында.

Ұйымдастырушының мәліметінше, «Қазақстандық боксты дамыту орталығының» базасында әйелдер құрамасы турнирдің алдында 12 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

«Жекпе-жектердің регламенті- әрқайсысы 2 минуттан 4 раунд», - деп хабарлайды федерация.

«Қазақстан құрамасына кіргендер: Назым Қызайбай (46 кг), Дина Елубаева (48 кг), Алина Тұрлыбаева (48 кг), Назым Төлеуова (51 кг), Рано Пархатова (51 кг), Жайна Шекербекова (51 кг), Әлия Жаркенова (51 кг), Гүлжан Әкімова (54 кг), Дина Жоламан (54 кг), Нұрия Ғарифулина (57 кг), Оксана Королева (57 кг), Сәния Сұлтанқызы (57 кг), Әлия Әбдрайымова (60 кг), Гүлжайна Үббіниязова (60 кг), Зурә Құсайынова (60 кг), Саида Хасенова (64 кг), Мөлдір Базарбаева (69 кг), Елена Кольцова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Марина Вольнова (75 кг), Юлдуз Маматкулова (81 кг), Ләззат Күнгенбаева (+81 кг)», - делінген федерация жариялаған тізімде.

ҚР бокстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы - Вадим Присяжнюк.