Caravan Logo

Астанада әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтеді

Астанада әйелдер арасындағы бокстан ел чемпионаты өтеді

Бұл туралы ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жарыстың басты мақсаты - халық арасында бұқаралық спортты дамыту және елдің ең үздік спортшыларын анықтау.

Чемпионат ұйымдастырушылары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, елорданың мәдениет және спорт басқармасы, «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» Коммуналдық-қазыналық кәсіпорны.

Чемпионат AIBA талаптарына сай 10 салмақ санаты бойынша өтеді. Ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ережелеріне сәйкес арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталатынын атап өтуде.

Чемпионаттың ашылуы 13 мамыр күні сағат 16:00-де өтеді.


Алдын ала жекпе-жектер: 13 мамыр күні сағат 16:30-да, 14 мамыр күні сағат 12:00-де;

¼ финал: 15 мамыр, сағат 12:00-де;

Жартылай финал: 17 мамыр, сағат 12:00-де өтетіні жоспарланған.  

Оқи отырыңыз:

«Басын айналдырып алған»: Танымал әзілкеш өзінен кіші жігітке тұрмысқа шықты 

Қазақстанның сыртқы қарызы 14 триллион теңгеден асып жығылды