Астанада айттау үшін мінуге қайығы болмаған Балғынбек Имаш Атырауға айттап кетті


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Айттауға Атырау қаласына жол тартқан айтыскер ақын әзіл-қалжыңын араластыра отырып, оқырмандарына мынадай өлең жолдарын ұсынды

"Жетісудың жел жетпес жүйрігі @olensoz_kz бауырыммен Атырауға айтшылап қайтайық деп...
Астанада айттау үшін мінуге қайық, жүруге боти керек.
***
Айтақынның ұлымен Айттай келдім,
Алдын-ала ескертіп, айтпай келдім.
Айттығыңды, ағайын, айтқызбай-ақ,
Ақ батамен немесе лайктай бергін... - дей салдым-ай"