Астанада алаяқ аяз атаға іздеу жарияланды

Барлығы бір адамның арбауына түскен болуы мүмкін. Жарнамасы жер жарған жаңа жылдық лазерлік шоуға 9 мыңнан билет сатып алғандар Аяз Ата мен Ақшақарды ақыры көре алмаған. Тіпті, баласына арнайы киім тіктіртіп, мереке өтуі тиіс ғиаратқа келгенде есік жабық болыпты. Ал, ақшаны қалтаға басып қашқан қулар әлі ұсталған жоқ. Олардың үстінен «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кішкентайларды жылатқан жаңа жылдық кеш ұйымдастырушыларын енді 10 жылға дейін түрме күтіп тұр.

Loading...