Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев осы жабық қалашықтың құрылысы бойынша Ақордада арнайы жиын өткізді. Оған жауапты шенеуніктерден бастап, алып нысанды тұрғызуға жарияланған конкурсты жеңіп алған атақты америкалық компанияның өкілдері қатысты. Жоба бойынша, Назарбаев университеті маңынан салынатын құрылысқа қуат көзін үнемдейтін жаңа технологиялар мен соңғы үлгідегі материалдар қолданылады. Ішінде, Экспо көрмесіне арналған павильондар, тұрғынүй және қонақүй кешендері, кеңселер, мәдениет сарайлары, тіпті ғылыми зерттеу институттары болады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Мынаның ішінде үлкен лабораториялар болады, студенттерге жұмыс істейтін зертханаға айналады. Және халықтың баратын демалатын жері болады. Үлкен сауда орындары болады ол жерде. Жалпы демалып қыстың аязында да тынығуға болады. Сол жерден тұрғынүй алатын, жағдайлар жасалады. Сондықтан барлығымыз бірігіп жұмыс істейік.