Астанада «Әлемдік операның жұлдыздары» атты концерт өтті

Еуропаның жетекші театрларының опера әншілері Джузеппе Варано мен Сильвия Далла Бенетта сахнада өнер көрсетті. Елордалық өнерсүйер қауым оларды жылы қабылдады.

Фестиваль ұйымдастырушыларының сөзіне қарағанда, аталмыш гала-концерт ағымдағы жылдың 7 шілдесінде Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады.

«Опералия» фестивалі 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіледі, бұл - жетінші концерт. Шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.