Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХV отырысы өтіп жатыр

Бірінші кезекте ол былтыр өткен бесінші съезді қорытындылап, бұл жиынның табысты өткенін атап өтті.

Осы орайда Сенат Төрағасы діни көшбасшылар, көптеген елдердің жоғары лауазымды тұлғалары Астанадағы форумға арнайы келгенін еске салды. Бұл тұрғыда Саммит әлемдік проблемаларды шешудің ортақ қадамдарын іздестіру үшін саясаткерлерге, діни көшбасшыларға тиімді тұғырнамаға айнылды.

 «БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былтыр маусым айында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне келгенде атап өткендей, тынышсыз  кезеңде діни көшбасшылардың негізгі рөлі маңызды болып табылады. Өз кезегінде олар ортақ проблемаларды шешу мен бейбітшілікке қол жеткізуде жалпы негізді ұсына отырып, қоғамдастықтарды біріктіру үшін діни байланыстырушы қызметін атқарады. Бұған діни билікті пайдалана отырып қол жеткізуге болады, яғни адамдарды жалпы құндылықтарды насихаттауға ынталандыру арқылы іске асыру мүмкіндігі бар»,-деді ол.

Атап айтқанда, хатшылық мүшелері қазіргі уақытта Дінаралық диалогқа үлесі үшін Астана халықаралық сыйылығы, құрметті медаль және Бейбітшілік және келісім мұражайы мәселелері бойынша пікір алмасу жүргізуде.