Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының отырысы өтпек

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезі хатшылығының кезекті отырысы Астанада 25-қыркүйек күні өтпек, деп хабарлады Қазақстан сенатының баспасөз қызметінен.


           Сонымен қатар, сол күні "Өркениеттер диалогындағы астаналық дінаралық форумның ролі" деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, делінген дүйсенбіде таралған баспасөз хабарламасында.
           "Бұл шаралар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 23-24 қыркүйек күндері Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірінші съезінің 10 жылдығына орайластырған", делінген онда.
           Отырысқа хатшылық жетекшісі- сенат төрағасы Қайрат Мәми басшылық етпек.