Астанада әлеуметтік мәселелер жөніндегі Қазақстан-Түркия жұмыс тобының жиналысы өтті

Келіссөздер туралы түсініктеме берген Г.Қарағұсованың айтуынша, "екі жақ арасында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыздық салалары бойынша жан-жақты пікір алмасылды". "Біз еңбек қатынастарын қамтамасыз ету саласындағы ақпараттарды алмасу төңірегінде бірлескен шараларды жобаладық",- деді ол. Г.Қарағұсованың пайымдауынша, Түркияда еңбек саласындағы дау-дамайларды реттеудің мейлінше жетілдірілген тетіктері қолданылады. Сонымен бірге "Түркияда жұмысшылардың ұйымдары айрықша қуатқа ие, сол себепті біз Түркияның тәжірибесін жан-жақты зерттейтін боламыз",- деді Г.Қарағұсова.