Астанада алғаш рет ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын 4 тілде жүргізу тәжірибесі қолданылды

Кеше «Абу Даби Плаза»  алаңының қазақстандық және шетелдік әріптестері кездескен жиын барысында этникааралық және дінаралық келісімнің маңыздылығы жайлы төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын және араб) айтылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты

Келіссөздерді жүргізушілерге «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңның нормалары түсіндірілді. Кооперативтердің, мәдени орталықтардың,спорттық клубтардың қызметкерлеріне арналған кеңес беру шаралары 2018 жылдың 4-14 маусымы аралығында  құрылыс алаңдарында, базарлар мен сауда орталықтарында өтеді.

Дін саласында мемлекеттік саясатты түсіндіруге қатысты кешенді жұмысты Астана қаласының әкімдігі 2018-2022 жылға арналған Қазақстан Республикасында діни  экстремизм мен терроризм қарсы іс-қимыл мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізеді. 


Республикалық және астаналық жұмыс топтары басқарудың зайырлы жүйесі, қазақстандық халықтың адамгершілік және рухани құндылықтары, экстремистік қызметтің алдын алу шаралары, исламды жамылатын діни экстремистік ұйымдар туралы толыққанды ақпарат береді.