17 ақпан мен 5 наурыз аралығында Астана қаласында онкологиялық ауруларды еңсеру тарихы туралы алғашқы Қазақстандық көркемсурет көрмесі өтеді. Жобаны «Seniminmen» қайырымдылық қоры ұйымдастырады. Көрмеге келушілер ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Пациенттер көбінесе диагнозы туралы білген соң, онымен күрескісі келмей, өлім туралы қайғыға салынып, қалпына келу үмітінен айырыла бастайды. Алайда, қазіргі заманауи медицинаның дамуы жағдайында онкологиялық диагноз - бұл үкім емес. Біз көркем өнер арқылы әркім өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, басқалардың жан-дүниесін түсіну мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз.
Заманауи қазақстандық суретшілердің, оның ішінде Бахыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Мөлдір Сағындыкова, Олег Зуев және Георгий Трякин-Бұхаров еңбектері көрменің кураторы Олей Веселовамен бірге өз өмірінде жаңа кезеңнен өтіп жатқан адамдардың сезімдері мен күйзелістерін біртұтас көркем өнер арқылы түсінуге, қазақстандықтардың аты құлаққа түрпідей естілетін онкологиялық диагнозына қарамастан өмірден қалай ләззат алатыны туралы эмоционалды тұрғыдағы бейнелері құрастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылады.
Онкологиялық аурулар Қазақстанда және бүкіл әлемде қоғамға зор әсерін тигізеді. Статистиканы алып қарасақ, адамдардың ауқымды топтарында не болып жатқанын көрсетіп, ауыртпалық туралы түсінік береді. Онкология және радиология ҚазҒЗИ мәліметтері бойынша сүт безі обыры, өкпе және бронх обыры, колоректальды қатерлі ісік, асқазан, жатыр мойны, өңеш, қуық асты безі, бүйрек, аналық без, ұйқы безі, эндометрия және бауыр қатерлі ісіктері өте жиі кездеседі. Қазақстанда 2018 жылы 5 жылдық өмір сүру деңгейі 51,0%-ға дейін өсті.
Мекенжайы: Республика даңғылы, 33а, TSE ART DESTINATION
Көрме уақыты: 12:00 – 20:00
Кіру тегін.