Бүгін төрт сайлау учаскесі жұмысын бастады. Мұнда әзірге сайлаушылардың тізімі нақтылануда. Мәселен, нөмері 94-ші учаскеге қазірдің өзінде 2 жарым мыңнан астам адам тіркеліпті. Егер тіркеу 25-ші сәуірге дейін жалғасатынын ескерсек, сайлаушылардың саны әлі талай артуы мүмкін. Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы 9-дан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ, шетелдерде де 65 сайлау учаскесі ашылмақ. Яғни, сыртта жүрген азаматтар да дауыс бере алады. Ал, саяси дода күні Астананың өзінде 189 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Loading...