Айта кетейік, бұл «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен аударылған сегізінші голливудтық туынды. Ұйымдастырушылар осылайша қазақстандық көрермендерге әлемдегі қызықты кинотуындылардың бірін қазақ тілінде тамашалау мүмкіндігін ұсынды.
«Дисней» киностудиясының өкілдерінің қадағалауымен жүзеге асатын дубляждау процесі арқылы кино өнерінің шығармалары ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылады, бұл аса тер төгуді талап ететін қажырлы іске шамамен 200-ге жуық кәсіби актерлер тартылады.
Шынайы сүйіспеншілікті, сенім мен өмір құндылықтарын насихаттауды мақсат еткен «Малефисента» фильмінде атақты Анджелина Джолиді дыбыстаған Гүлназ Әуесбаева: «Рөлді дыбыстау оны ойнап шыққанмен бірдей. Сол себепті маған бұл жолы оңайырақ болды. Себебі, мен Джолиді тек актриса ретінде ғана емес, қоғам қайраткері, ана, қайырымды жан ретінде аса құрметтеймін. Ол өте тартымды тұлға», - дейді.
Естеріңізге салайық, аталмыш туынды ел кинотеатрларында қазақ және орыс тілдерінде 29 мамырдан бастап көрсетіледі.