Астанада апат салдарынан үзілген су қамтамасыздығы қалпына келтірілді

ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Московская және Катченко көшелерінің қиылысында 18 қазанда сағат 16.51-де диаметрі 600 миллиметрлік су құбыры жарылды. 19 қазан күнгі сағат 22.25-тегі жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, су қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Апаттың зардаптарын жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚМКК-ның 30 адамы мен 15 техникасы жұмылдырылды.