Бұл шара тамыз айында 50 жасқа толған қаламгердің мерейтойына арналып отыр. Ақын, журналист Әкім Ысқақтың және бір қыры - сазгерлігі. Ол өзіндік өрнегі бар жетпіске жуық әннің авторы. Әсіресе, «Көңіл қымбат», «Көк тудың желбірегені» деген әндері өнерсүйер қауымға жақсы танымал.
Ә.Ысқақ - Шымкент педагогика институтының түлегі. Әуелі туған ауылында мектеп мұғалімі, кейін республикалық "Жас Алаш" газетінің тілшісі болды. Содан кейін облыс әкімінің баспасөз хатшысы, Ордабасы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші шақырылымының депутаты болды. Бірнеше жыр жинақтарының авторы.