Астанада аралас жекпе-жектен ел чемпионаты басталады


Анатолий Ким, ММА және джиу-джитсу федерациясының президенті:

- Аралас жекпе-жек елімізде соңғы жылдары кеңінен танылып келеді. Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артқанын байқаймыз. Әсіресе, жасөспірімдер арасында қызуғушылық білдіріп жатқандары қаншама?! Жетістіктеріміз де аз емес. Ал жарысқа келетін болсақ, дүбірлі додада жеңіске жеткен спортшылар ұлттық құрамаға алынып, болашақта ел намысын қорғайды.