"Жылжымалы ластаушы көздердің үлесі жалпы тастанды заттардың 50%-ынан асқан", -делінген табиғат қорғау мекемесі дүйсенбіде таратқан баспасөз баянында. Бірінші кезекте бұл "автокөліктер санының күн санап өсе түсуіне, сондай-ақ, қаладағы кәсіпорындарда ескірген автокөліктердің пайдаланылуына, олардың ауаға тастайтын зиянды заттарының мөлшері экологиялық рұқсат берілген нормадан асып кетуіне байланысты", делінген мәтінде.
Қоршаған ортаны қорғау басқармасынан хабарлағанындай, "Елордасындағы таза ауа" атты шара барысында тексеру аясына іліккен 173 автокөліктің 68-і Мемлекеттік стандарттарды бұзған болып шықты. "Соның салдарынан жүргізушілерге 148 мың 512 теңгенің айыппұлы салынып, ІІД қызметкерлері заң бұзушылықтар жойылғанға дейін мемлекеттік номерлерді тәркіледі. Жалпы алғанда ағымдағы жылы 244 автокөлік тексеріліп, оның 97-сі Мемлекеттік стандарттарды бұзған болып шықты, ал бұл 40% құрайды", -делінген құжатта.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласы бойынша 2007-жылға арналған табиғат қорғау шараларының жоспары бойынша, сондай-ақ, "Астана қаласындағы 2005-2007-жылдарға арналған таза қоршаған орта" атты аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында "бағытты желілерде жұмыс істейтін автобустарды ферментті катализаторлармен қамтамасыз ету" көзделген. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1 млн 360 мың теңге бөлінеді.
Аумақтық басқарманың мәліметінше, егер 2001 жылы қалада 39,4 мың автокөлік болса, 2007 жылы олардың саны 150 мыңға жеткен. 2006 жылы жүк көліктерінің саны 13,6 мыңнан (2001 жылы 8,9 мың.) асса, автобустар саны - 3356 (2001 жылы - 1999) болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті