Астанада арнаулы қызмет адвокатты пара алғандығы үшін құрықтады

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департаментінің қызметкерлері Астананың орталық заңгерлер кеңесі орталығының адвокатын жасаған қылмысы үшін тағайындалатын жазаны жеңілдетуге көмек көрсету үшін 600 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұстаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қалалық департаментінің тергеу бөлімі адвокаттың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабының 3-тармағы (алаяқтық), 312-бабының 2-тармағы мен 28-бабы бойынша (пара беруге итермелеу) қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті