"Астана - есірткісіз қала" аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҰҚК-нің Астана қалалық департаменті 17 кг марихуана мен гашишті тасымалдау барысында Ақмола облысы Новоишимка ауылының тұрғынын ұстады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. ҰҚКД қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ұсталған Елордасы аумағында Жамбыл облысынан аса ірі көлемде есірткілік заттарды тасымалдап тарату арнасын жолға қойған.
Бұл деректер бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы (есірткілік заттарды заңсыз тасу, сақтау, өндңру немесе тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті