Астанада «Артем» СҮ маңындағы төбелеске қатысқандар сотталды

«Сот 2015 жылы 16 маусымда айыпталушылардың «Артем» СҮ маңында қоғамдық тәртіпті бұзып, топтық төбелесті ұйымдастырғанын анықтады.  Сонымен қатар, олар  полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Сотта айыпталушылар кінәларын мойындап, жасаған істеріне өкінетіндіктерін білдірді», - делінген хабарламада.

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлімі 1 бөлімшесінде қарастырылған қылмысқа айыпты деп танылды. Сот 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу және 60 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.  


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.