Caravan Logo

Астанада ашық жатқан құдыққа құлаған қыз ажалдан аман қалды

Астанада ашық жатқан құдыққа құлаған қыз ажалдан аман қалды

-Ағатай құтқарыңызшы! Жылама, қазір ағаң көмектеседі.

Айқайлаған қызға куәгерлер тез келгенімен, оны бірнеше метрлік құдықтан  шығарып алу оңай болған жоқ. Арқан іздеуге де уақыт кетті. Соңында еңгезердей 4 жігіт оқушыны дереу құтқаруға кіріскен. Үшеуі арқанды ұстаса, бірі құдыққа түсіп, жасөспірімді құтқарушылар жетем дегенше аман-есен алып шықты. Астанадағы №73-ші  физика-техникалық лицейі шәкіртінің денсаулығына төнген қауіпті ештеңе жоқ. Тек қатты шошып, қолын жеңіл-желпі үсітіп алған. Осы қайғылы аяқтала жаздаған оқиғадан кейін  коммуналдық мекемелер Астанадағы құдықтарды дереу тексеруге көшті.  

Loading...