Астанада әскери қызметші мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарып қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 18 наурыз күні кешке болған. Мақсат Розақов жұбайымен бірге «Алатау» спорт кешеніне бара жатқанда көмек сұрап айқайлаған дауыс естіген. Ол баланы судан шығаруға тырысып жатқанда, әйелі дәрігерлерді шақырған.

«Көпірге жүгіріп барған ол өзеннің мұзының астына түсіп кеткен 2013 жылы туған Р.Фатоевты көреді. Әскери қызметші жедел әрекет етіп, баланы судан дереу шығарып алған»,- деп мәлімдеді ҚР Мемлекеттік күзет қызметі.