Астанада әскери үрмелі оркестрлердің екінші халықаралық фестивалі өтеді

Үрмелі оркестрлер фестивалі «KADEX-2014» үшінші халықаралық көрме аясында ұйымдастырылмақ. Оған ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі, ҚР ІІМ Ұлттық гвардияның Орталық оркестрі, сондай-ақ Түркия, АҚШ және Францияның әскери оркестрлері қатысады.

Әскери оркестрлер «KADEX-2014» көрмесінде, Есіл өзені жағасында концерттік бағдарламалар қояды, Республика даңғылы бойында шеру өткізеді. Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының назарына «Tottoo show» бағдарламасын ұсынады.