Астанада астан ұшынғандар дүкен иесін сотқа бермек

Өйткені супермаркет иесі бүлінген торттарды сатып алмаған екен. Өзі жасырын кондитерлік цех ашып, екінші кәсібін дөңгелетпек болған. Сөйтіп алғашқы өнімін еш рұқсатсыз дүкенінің сөресіне қойып басы дауға қалды. Осы торттан дәм татқан 20 адам бірден аурухана төсегіне таңылған болатын. Олардың ең кішісі небары 4 жаста. Жүректері айнып өздерін нашар сезінген науқастардан ішек инфекциясы табылып, біразына сальманеллез диагнозы қойылды. Науқастардың беті бүгін бері қараған. Ал, супермаркет жанындағы шағын цех жабылып, тиісті тексерулер жүріп жатыр. Енді кондитер болып басы шуға қалған кәсіпкер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Әзірге оны ірі көлемде айыппұл күтіп тұрғаны анық.

Нұрлыбек Асылбеков, Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:

-Бұл кәсіпкерлер адамдардың денсаулығы арқылы өздерінің тәттілеріне эксперимент жасап отыр. Мен осылай түсініп отырмын. Олар берген түсініктемесінде «біз крем торт жасап сатып көрсек дегенбіз»-деп, отыр. Ешқандай келісім рұқсат жоқ.

Loading...