Астанада астық тиелген темір жол вагондары шойын жолдан шығып кетті

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданында Астана темір бекетінен 6 шақырым жерде №39 озу бөлімінде 18-маусымда 2 сағат 40 минутта Көкшетау-Астана бағытында қатынайтын жүк поезының астық тиелген бес вагоны шойын жолдан шығып кетті. Оқыс оқиғаның себептері анықталу үстінде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат поездардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға Астана станциясынан ВП-18 қалпына келтіруші поезд пен 20 адам тартылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті