Астанада астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетті

Мекеме ақпаратына сәйкес, екеуіне астық тиелген, үшеуі бос бес темір жол вагоны Астана темір жол станциясында сұрыптау жұмыстары кезінде шойын жолдан шығып кетті.

"Шойын жолдан шығып кету салдарынан темір жол төсеніші бүлінді", деп хабарлайды баспасөз қызметі. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, поездардың қозғалысында өзгеріс болмаған.

Қазір апат орнында Астана станциясының апаттық қалпына келтіру поезы мен 20 адам жұмыс істеп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті