Астанада ата-аналар мектеп психологының көмегіне жиі жүгінуде

-Ата-аналар қауымымен жұмыс істеу үшін әр мектептің сайтында «Психологқа сұрақ» айдары бар. Биыл екі мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Сұрақтардың көбі тек оқытуға, ҰБТ дайындыққа көмектесуге қатысты ғана емес, сонымен қатар өзара келіспеушіліктерді шешуге, ғаламторға тәуелділіктен арылтуға қатысты, - дейді Астана әкімдігінің білімді жаңғырту орталығының психологиялық қызметі кабинетінің меңгерушісі Айман Сәдуақасова.

Барлық түскен сұрақтарға мамандандырылған психолог жауап береді деп түсіндірді спикер.


-Бұл сұрақтар барлық мектептерде өзекті, сол себепті кәмелет жасқа толмағандар арасында суицидтің алдын алу аясында әр психологтың барлық мәселелерді қамтитын арнайы шаралар жоспары құрылған, - деп жалғады сөзін А.Сәдуақасова.