Топ жетекшісі Серік Қошалақов мешіт маңында лаңкестік әрекетті жүзеге асыру үшін үгіт жұмыстарын жүргізген. Ал, оның сыбайласы Әли Шәріпов әлі кәмелетке толмаған әйелін Опера және балет театрының ашылуында өз-өзін жарып жіберуге дайындаған. Мәдени ошақтың ашылуына еліміздің бірінші басшылары қатысқанын айта кетейік. Сот барысында лаңкестік топтың барлық әрекеттері толық дәлелденіп, топтың жетекшісі Серік Қошалақов пен оның сыбайласы Әли Шәріпов 10 жылға сотталды. Ал, топтың басқа 4 мүшесі 5 пен 9 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Дегенмен айыпты тараптың туыстары үкіммен келіспей қарсы шағым түсіретінін жеткізсе, сотталғандардың өзі соңында мынадай жауап қайтарды:
– Сот шешімімен келісесіз бе?
- Аллаху акбар! Аллаху акбар! Жена Масонам смерть..