«Достар» тұрғын үй кешеніндегі екі бөлмелі пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі Астанадағы әскери аэродромда өтті. Оған ҚР Қарулы күштерінің Әуе қорғаныс күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Алсай Жұманов қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«МИ-17 тікұшағының экипажы қызметтік борышын өтеу барысында көрсеткен ерлігі үшін ҚР президентінің жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды», - деді генерал-майор, делінген хабарламада.
«Біздің қызметтес достарымыз, ұшақ экипажы мүшелері - командир Талғат Досановты, ұшқыш аға лейтенанттар Еркін Махамбетниязов пен авиациялық борт техник Жанбота Қасымов арамызға қайтып оралмайды. Біз оларды ұмытқан жоқпыз! Әрдайым есте сақтаймыз!», - деп атап өтті А.Жұманов.
МИ-17 ұшағы тамыздың 22-сінде апатқа ұшыраған болатын.