Астанада автобус жолақысы ақыры 90 теңге болды


-Жұрттың жалақысы көтерілген жоқ. Сондықтан дұрыс емес. 

- Балаларымызға қиын автобуста жүруге, тамақтары бар, жолы бардегендей.

Бірақ Астана әкімдігі жолақысының қымбаттауына түбегейлі  қарсы болған жұрттың пікірін ақыры елеген жоқ. Ал, шенеуніктердің уәжі мынадай: соңғы алты жылда Астанада жол ақысы бір тиынға өзгермепті. Осы аралықта жанармай мен көлікке қажетті бөлшектердің  құны  бірнеше есеге өскен. Соның кесірінен жолаушы тасымалдайтын компаниялар шаш етектен  шығынға батып отыр екен. Ал кісі таситын автобус парктері жолақыны өзгерткенімен, қызмет көрсету сапасын қаншалықты көтеретіні белгісіз. Бұл жағы көпке үлгі болуы тиіс бас қалада кәдімгідей ақсап жатыр.