Жол сақшыларын шошытқан бұл ғана емес. 3 күндік тексеру кезінде әсіресе кейбір автобус жүргізушілері рөлде отырып телефонмен сөйлесуді әдетке айналдырыпты. Осылайша, көлік ішіндегі жолаушылардың ғана емес, айналадағы өзге де адамдардың өміріне қауіп тудырған. Ал, 200-ге жуық автобус техникалық тексеруден мүлдем өтпеген. Осылайша, жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізушілер мен автопаркке қомақты айыппұлдар салынды. Енді бұдан былай полицейлер мұндай рейдтерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.
Loading...