Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Жұрттың көзінше төбелескен қызу қанды жігіттердің бұл қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Бір-бірін жұдырықтап жатқан Елордадағы нөмері 39 бен 120-ншы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары. Шанхай базарының жанында төбелес шығарған олар жолды бөлісе алмай, бір жағы жолаушыларға да таласқан сыңайлы.


Жиналған жұрт бір-бірін төпештеп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, қызу қанды жігіттер бой берген жоқ. Біраз тартыстан соң екі жақ полиция шақырмай, жан-жаққа кетіп қалыпты. Автопарк басшылығы да тентек қызметкерлеріне тек ескерту берумен шектелген.

Loading...