«20 шілдеде сағат 19.50 Жұбанов-Кенесары көшелерінің қиылысында «Hyundai» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі бағдаршамның жасыл түсіне жүрген жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан 25 жастағы әйел түрлі жарақаттармен емдеу мекемесіне жеткізіліп, онда дәрігерлер қараған соң үйіне жіберілді. Оның 2 жасар ұлы жапа шекпеді», - делінген хабарламада.
ІІД хабарлауынша, қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамадан кейін процессуалдық шешім қабылданады.