Астанада автошиналарды утилизациялау және қайта өңдеу жөніндегі зауыт қайтадан іске қосылды


деп хабарлады Ұлттық басқарушы "Бәйтерек холдингісінің баспасөз қызметінен.
"Бәйтерек" холдингі – еншілес құрылымы "Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ мен зауыттың басшылығы арасында қарызды қайта құрылымдау мен өндірісті қайта қолға алу туралы бейбітшіл келісімге қол қойылды, делінген жұмада таралған ақпаратта.
Құжатқа қарағанда, зауытты қаржылық сауықтандыру мақсатында , яғни зауыт тұрып қалған кезең үшін қарыздың жалпы сомасынан сыйақы пайызы, айыппұл, өсімақы шегерілген,ол ақша 327 млн теңгені құрап отыр. Қалған 1,6 млрд теңге қарыз жеті жылдың ішінде пайызсыз қайтарылуға тиіс, төлеу бір жылға қалдырылған.
Зауыттың қуаттылығы жылына 32 мың тонна өнімді құрап отыр, жоба 2008-2010 жылдары жүзеге асырылған болатын.