Астанада Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының халықаралық конференциясы өтеді - ҚР СІМ

"12 тамызда Астанадағы президенттің мәдени орталығында Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің сенім шараларының каталогын жүзеге асыру іс-шараларының жоспарына сәйкес "Орталық Азия елдерінің мәдениетаралық ықпалдастығы" деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді", - деді Е. Ашықбаев.

"Шараның мақсаты - Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанның түрлі өркениеттер арасындағы мәдени диалогты дамытуға қосқан үлесі мен жетістіктерін насихаттау болып табылады", - деді ол.