Астанада бала асырағысы келетін жанұяларға арналған мектеп ашылмақ

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мектептегі білім беру тегін. Оқу орнындағы мамандар әрбір ата-анаға баланы бауырға басу үшін қандай құжаттар қажет екенін, жанұяға қойылатын басты талаптарды түсіндіреді.   Яғни, бұдан былай бала асырап алмас бұрын жұбайлардың арнайы білімі болуы тиіс. Жаңа жобаның басты мақсаты - еліміздегі жетім балалардың санын азайту. Өйткені, қазір Қазақстанда 32 мыңнан астам қараусыз қалған бүлдіршін бар екен. Олардың тең жартысы тірі жетім, яғни әке-шешесі бас тартқандар.

Loading...