Астанада баланы мектепке дайындау үшін ерекше акция қолға алынды

Олар адам жиі жүретін, ірі  сауда орталықтары мен  базарларға  қойылған. Оған көңілі түскен кез-келген адам баланың  мектепке баруына  қажетті  керек-жарағы мен киім-кешегін сатып алып, осында  салуына болады. Шараның нәтижесі де жаман емес екен. Әркім  шамасы жеткенше қалам, дәптер, кітап, сөмке және киімдер қалдырып кетуде.  Шенеуніктердің айтуынша, қазір дәл осы әдіспен, яғни көпшіліктің көмегімен  мыңнан аса астаналық ұл-қыз  жаңа оқу жылына баруға дайын отыр. Жалпы, Астанада мұндай жәрдемге 7 мың бала мұқтаж екен.

Ләззат Орынбасарова, Астана қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы:

- Көп балалы отбасына жатпайтын, құжаттары жоқтары  бар, көшіп келгендер бар, сондай балаларды да қамтып жатырмыз.