Астанада балкон опырылып құлап түсті

Опырылған 6-шы қабаттың балконы. Құдай сақтап зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиға болған жер қоршауға алынып, айналаны полиция торуылдап жүр. Ал гүрс ете қалған дауыстан пәтер иесі көршілерімен қоса далаға қарай қашқан. Қазір үйлеріне кіруге қорқады. Салынғанына  23 жыл болса да,   тұрғын үй әлдеқашан «апатты» деп танылған.    Қарапайым халық құлағалы тұрған баспаналарын мемлекеттік бағдарлама бойынша несиеге жөндеп беруін сұрап әкімдікке талай барған. Алайда, шенеуніктер мұңымызды елемей отыр деп күйінеді.


Раушан Көкеева,  Астана қаласының тұрғыны:

-Қанша жүрміз? 5 жылдан асып кетті. Ал әкімдіккке барсам сіз үнемі дүрліктіріп жүресіз, сізбен сөйлескім келмейді дейді. Кімге керекпіз? Білмеймін? Адам өлсін деп жатыр ма?...