Астанада Бас прокуратураға басып кірген үлескерлер Жақып Асановпен кездесуді талап етті

Әр аймақтан жиналған 40 шақты салымшы аяқсыз қалған баспананы салып бітіруі тиіс «Орда Инжиниринг» компаниясының активтерін бақылауда ұстауды талап етіп отыр. Өйткені, үлескерлердің ақшасын жеп, үйсіз қалдырған «Азбука жильяның» топ менеджерлері сотталып кеткен.

Ал жұртқа жайлы баспана уәде етіп, 4 мыңнан астам салымшының 40 миллиард теңгесін қалтаға басқан экс-депутат Ерғанат Тайжанов Австрияда үйқамақта отыр. Құзырлы органның миллиардтарды қалтаға басқан кәсіпкерді қайтаруға қауқары жетпеген сияқты.

Сан соққан салымшыларға Жақып Асанов төбе көрсетпеді. Шулаған халыққа шыққан орынбасары жұртты сабырға шақырып, бұл мәселені шешу үшін Астана әкімі Әсет Исекешовпен кездесу ұйымдастыруға уәде берді.