Астанада бас қосатын сарапшылар Қазақстанның халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауына қатысты мәселелерді талқылайды - СІМ

"30 мамырда Астанада Қазақстанның халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер саласындағы халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындау процессіне шолу жасау және жетілдіру мақсатында ҚР СІМ-нің орынбасары Нұрлан Дәненовтың төрағалығымен халықаралық гуманитарлық құқық және адам құқықтары жөніндегі халықаралық келісімдер жөніндегі мекемеаралық комиссияның алтыншы отырысы өтеді", - деді Е. Ашықбаев.

"Отырыс барысында мекемеаралық комиссияның бесінші отырысында қабылданған шешімдердің орындалу қорытындысын шолу нәтижелері мен 2008 жылдың қараша айында Женевада Қазақстанның азаптау мен адамның қадір-қасиетін таптайтын басқа да адамшылықтан тыс қатігез қарым-қатынастар мен жазаларға қарсы конвенцияның ережелерін жүзеге асыру жөніндегі екінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық барысы талқыланады", - деді СІМ өкілі.