Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді


Белгілі скрипкашы Арман Мырзағалиев бұл шараны Батырханның құрметіне арнамақ, деп хабарлайды gakku.kz.

Концертте Веберн, Сибелиус, Бах, Чайковский сынды классиктердің шығармалары орындалады.

Сондай-ақ шарада Хорватия, Ресей сынды елдерден жерлесіміздің өнерін құрметтейтін түрлі музыканттар өнер көрсетеді. 

«Өзінің өнерімен, кәсіпқойлығымен, жас өнерпаздарды қолдауымен Батырхан музыка әлемінде өшпес із қалдырды», - дейді А.Мырзағалиев.