ТЖМ мәліметінше, Астананың Сарыарқа ауданы Әуэзов көшесіндегі №6 гимназияның (бес қабатты ғимарат, қабырғалар мен жабындар темірбетон, ішкі қабырғалары кірпіш, жалпы аумағы 4850 шаршы метр, 1962 жылы салынған) қабырғасы 20 шілдеде 21 сағат 30 минутта жартылай қирады. Зардап шеккендер жөнінде ақпарат жоқ.
Оқыс оқиғаның зардабын жоюға 5 құтқарушы, 3 иті бар кинолог, ҚР ТЖМ МБ-ның 2 техникасы, Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің оперативтік тобы, ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 18 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.