Астанада бір әйел өзін-өзі өртеп жіберді

"Әйел қарсылық акциясы ретінде "Нұр Отан" кеңсесі маңында өзіне от қойған. Соның салдарынан денесінің 95 пайызы күйіп, жансақтау бөліміне жеткізілді", - дейді ол.

Әйелдің бұл әрекетіне не себеп болғаны беймәлім.
Жедел жәрдем қызметкерлері "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне денесін күйік шалған әйелдің ауруханаға түскенін растап тыр, алайда қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне осы бақытсыз оқиғаға байланысты құқық қорғау органынан әзірге ресми мәлімет келіп түспеді.