16 желтоқсан күні Астана қаласында автобустармен жол жүру тегін болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Елорда Ақпарат сайтына сілтеме жасап.
Тәуелсіздік мерекесінде астаналық автобустар және экспресс-маршруттар жолаушыларды тегін тасымалдайды. Бірақ, қала сыртындағы маршруттарға бұрынғыдай жол ақысын төлеу керек болады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтар қосымша үш күн демалады. 16-17 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күні мерекесі атап өтіледі. Бұл жылы аталған мереке сенбі және жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осыған орай, демалыс 18-19 желтоқсанға жылжытылды.